Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Автобус салонында Пермь – Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.

Дәл осы күні Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты.