7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстан жастар құрамасы (U20) Словенияда өтіп жатқан IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы матчында Украинаға күтпеген жерден жол берді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды.
Алғаш болып есеп ашқан қазақстандықтар еді. 7-минутта Корней Корнеев дәл соққымен көзге түсті. Алайда 42-минутта украиналық Никита Куликов есепті теңестірді. Ал овертаймда (63-минут) Данила Кураев Украина құрамасына жеңіс әкелді.
Украина U20 – Қазақстан U20 2:1 ОТ (0:1, 0:0, 0:0, 1:0)
0:1 – 06:52 – Корнеев (Кажибеков, Имашев)
1:1 – 41:55 – Куликов (Косарев, Шубинский), ГБ
2:1 – 62:33 – Кураев (Хапоненко, Стасюк)
Қақпашылар: Левшин – Ряшин
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Франция, Аустрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге топ-дивизионға жолдама үшін сынға түсуде.
Алдағы матчтар кестесі:
8 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан — Словения
10 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан — Франция
11 желтоқсан, 20:00 – Норвегия – Қазақстан
13 желтоқсан, 20:00 – Қазақстан — Аустрия
