Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Атырауда екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы өсті

Мұнайлы өлкеде қолданыстағы үйлерге сұраныс жоғары.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы баға мен алып-сатулармен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір жылдағы баға өзгерісі:

  1. Жаңа тұрғын үйлер – +4,8%
  2. Қолданыстағы пәтерлер – +5,4%
  3. Жалға беру – +12%

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің жылдық мәндегі бағасы Павлодар 16,3% және Көкшетау қаласында 15% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (18,7%), Қонаев (14,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Талдықорған (31,1%), Астана (29,3%), Семей (22%) қалалары бастап тұр.

2025 жылғы ақпан айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 29 022 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 332 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 22 690 мәміле жасалды.

2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпанда ең жоғары өсім Павлодар (+17,3%), Солтүстік Қазақстан (+11,9%) және Алматы (+9,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда (-24,8%), Атырау (-23,9%) облыстарында және Астана (-12,9%) қаласында болды.