Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Меладзе Алматыда сахнаға дәстүрлі қазақ шапанын киіп шықты (видео)

60 жастағы ресейлік әнші Валерий Меладзе Алматыда бірден үш концерт берді. Оның өнер көрсеткен сәтінен видеоларды тыңдармандары әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші 3 желтоқсанда Астанада, ал 5, 6, 8 желтоқсанда Алматыда өнер көрсетті. Тыңдармандары елордада 10 және 11 желтоқсанда өтетін тағы екі концертті асыға күтіп отыр. Оның конецерттеріне билеттер түгел сатылып кеткен.

“Валерий Меладзенің Алматыдағы үш концерттен құралған марафоны аяқталды. Бұл жанға жылу сыйлайтын әрі таңғаларлық кеш болды! Келесі кездескенше”, — делінген желіде тараған видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VALERY MELADZE (@vvmmeladze)

Желі қолданушылары Меладзенің дәстүрлі қазақ шапанын киіп шыққан сәтінен суреттерді де бөлісті. Әнші шапанды бір күн бұрын Алматыда өткен концертте киген.

“Валерий сахнаға шапанмен шықты және бұл әрекеті арқылы өзінің үлкен ризашылығын: құрмет, сенім мен бауырластық сезімін білдірді.

Оның бұлай көптің алдына шығуы оны жылдан жылға сүйіспеншілікпен, жылылықпен және қонақжайлықпен қарсы алатын халыққа және дәстүріне деген құрметтің шынайы көрінісі болды”, — делінген видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VALERY MELADZE (@vvmmeladze)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз