Американдық «Спейс Икс» компаниясы
Халықаралық ғарыш станциясында қалып қойған ғарышкерлерді Жерге жеткізу үшін «Крю Драгн» кемесін ұшырды. Астронавтар былтыр маусым айында Боинг компаниясының кемесімен аттанған. Жоспар бойынша олар станцияда 8 күн ғана болу керек еді. Бірақ техникалық ақауларға байланысты кері қайта алмай қалып қойғандарына 9 айдай болды. Енді ұшырылған зымыран олардың орнына станцияға 4 ғарышкерді жеткізеді.