Current Date: 16-03-2025

Ақтөбе облысында футбол алаңдары тапшы

Бұқаралық спорт саналатын футболдың деңгейін көтеру үшін еліміздегі барлық елді мекенде стадион салынуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтты.

Мәселен, жанкүйерлерімен аты шыққан Ақтөбенің өзінде тиісті инфрақұрылым тапшы. Жергілікті кәсіби клуб ойын өткізетін орталық стадионның өзі 1975 жылы салынған. Сүйікті командасының барлық ойындарын үзбей тамашалайтын жанкүйерлер өңірде алаңдардың тапшы екендігін жасырмайды. Балаларды баулуға бірінші кезекте ауыл-аймақтарға да жасыл алаң төсеу қажет дейді.

Сауалнама:

- Бір ғылыми зерттеуден білемін, бір пәнді алып тастау керек болады. Дене шынықтыруды алып тастаған кезде мектептің рейтингі түсіп кетеді. Яғни дене шынықтыру бізге міндетті түрде керек. Аптасына үші рет міндетті түрде болу керек. Сол үшін де стадиондар ашу керек деп ойлаймын.

- Ақтөбе облысы халқы үшін Ақтөбе қаласына жаңа стадион салу керек негізі. Футболға барамыз, байқаймыз. Лық толы болады стадион. Мынадан сәл үлкені керек Ақтөбеге. Ауылдарға тым болмағанда мини-футболдан керек. Үлкені кішкентай ауылдарға көп керек емес. Кішкентай футбол алаңдары болса. Кішкентай ауылдарға жарайды.