Current Date: 16-03-2025

«Жайлы мектеп» жобасы: Бір мектептің құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Биыл үш ауысым деген жойылады деп хабарлады, Оқу-ағарту министрі. Демек мектеп жеткілікті салынып бітеді деген сөз. Және демографиялық жағдай — болашақ ескеріліп тұрғызып жатыр деп үміттенеміз. Жақсы.

Дегенмен «Жайлы мектеп» жобасымен салынып жатқан мектептердің бюджетіне орай сұрақтар бар. «Тым жоғары» дейді Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары. Мысалы, 1200 орындық мектеп 6,4 млрд теңгеге салынған. Ал сыйымдылығы одан көптеу жекеменшік мектептің бағасы одан әлдеқайда арзан.

Депутат Қазыбек Иса мен әлгі жекеменшік мектеп иесінің айтуынша, 1 млрд 720 млн теңгеге салынған. Бұл қалай? Жобаның үйлестірушісі SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION не дейді? Жауабын тыңдасақ, өтірік айтып тұр дей алмайсың. Бірақ. Тараптардың есебін Раушан Сайлауқызы таразыға тартты.