Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі отбасындағы қиын жағдай туралы алғаш рет көпке мәлім етті.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Дина Төреәлі отбасындағы қиын жағдай туралы өзінің жеке парақшасында мәлім етті.
«Бір күннің ішінде екі няням да орындарын босатты. Қысқасы бөлмемнен үлкен суммада нал ақша жоғалды. Бірнеше миллион теңге…
Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағаны емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім ауырып, бойымды қорқыныш байлап кетті…
Екеуінің қайсысы алғаны дәл қазір бір Аллаға мәлім. Ешкімге кінә артып, жала жақпаймын. Мен үшін хайырлы емес адамдарды жеңіл күйде менен және балаларымнан алшақтатқаны үшін Аллаға шүкір.
Қасиетті Рамазан айында міне осындай жағдай. Алладан қорқып, ұялмаған адам басқаларды қайтсін? Ақша табылған жоқ. Менде осы істі соңына дейін апаруға, барлығының жүздеріне дейін көрсетуге мүмкіндік көп. Бірақ мен солай жасауға Алладан қорқамын. Адал еңбегіммен Алла маған ризық несібемді беріп отырса, әлі де береді. Мен сенемін. Ал ұрлаған адамды бір Аллаға тапсырдым», — деп жазды ол.

