Current Date: 15-03-2025

Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы басталды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ал Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты сот отырысы басталды. Шахтадағы жарылыс кезінде 46 кенші қаза тапқан болатын. Сот отырысы жайлы әріптесім Жандос Бақытұлы тарқатады.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты істі Бас прокуратура бір жылдан аса тергеді. 17 ақпан күні атышулы қылмыстық іс сотқа жолданды. Еске сала кетейін, екі жыл бұрын 28-қазанда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болып, 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жараланды. Осы аптақа кінәлі ретінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам қамауға алынды. Олар тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзды деп айыпталып отыр. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылған. Бүгінгі сот отырысы 3 сағатқа созылды. Қорғаушылар соттан айыпталушыларды үй қамаққа жіберуін сұраған еді. Бірақ бұл өтініштері мақұлданбады. Келесі сот отырысы бір аптадан кейін өтеді. Егер күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жандос Бақытұлы