0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Енді мемлекеттік қолдауды отандық тауар өндірушілер ғана алады. Мәжіліс бүгін тиісті заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, қазақстандық кәсіпорындардың бірыңғай реестрі іске қосылады. Әзірге оған 2400-ден астам отандық өнім енген. Ал реестерге тіркелу тегін. Өтінім онлайн қабылданады. Онда кәсіпорын туралы барлық дерек қамтылып, үш ай сайын мониторинг жүргізіледі. Яғни, өндірістің шын мәнінде жүріп жатқанын бейнебақылау камералары арқылы тексеріп отырады. Тоқтап тұрса, себебін анықтайды. Жұмысын жалғастырмаса, тізімнен шығарады. Ең маңыздысы, осы бірыңғай реестерге тіркелген отандық өндірушілер ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады. Субсидия бөлу, экспорт шығынын өтеу сынды жеңілдіктер де қарастырылған.
Мұқаш Ескендіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Депутаттар мынандай түзетулер енгізді. Олар цифрлық верефикация мен өндірістік бағалау жүргізу арқылы қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін құру. Тізілім қажетті заңға тәуелді актілер қабылданғаннан кейін ағымдағы жылы 2025 жылы күшіне енетін болады. Ал СТ кз сертификаттары мен индустриалды сертификаттар 2026 жылы 1-қаңтарға дейін қолданыста болады.
Айя Мүтәлі