Германия билігі Сирияға 300 миллион еуро бөледі.
Бұл ақша гуманитарлық көмекке, азаматтық қоғамды қолдап, білім беру саласын дамытуға жұмсалады. Ол бағдарламалар Араб республикасындағы уақытша үкімет емес, тек БҰҰ және өзге ұйымдар арқылы ғана іске асырылады. Бұдан бөлек неміс елі сириялық босқындар мен оларды қабылдап жатқан көрші мемлекеттерге, демек, Иордания, Ливан, Ирак пен Түркияға да қолдау білдіруін жалғастырады. Былтыр желтоқсанның басында Башар Асад билігі құлағаннан кейін Германия Сирия азаматтарынан баспана сұрау туралы сауалдарын қарастыруды уақытша тоқтатқан еді.