Current Date: 14-03-2025

Израиль премьер-министрі Нетаньяху ЦАХАЛ-дың жаңа қолбасшысын тағайындады

Израиль осылайша батыс жағалаудағы операцияларды жандандырмақшы, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС Орыс қызметіне сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ЦАХАЛ жаңа қолбасшысы лауазымына генерал-лейтенант Эял Замирді мақұлдады. Ол өз сөзінде Газада Хамасты жеңуге бел буғанын мәлімдеді.

Замир 2025 жыл белсенді соғыс жылы болатынын жариялады.

Бұл ретте Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы босқындар лагерлеріндегі әскери операцияны күшейте бастады.

Елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац әскери қызметкерлерге "алдағы жылы тазартылған лагерьлерде ұзақ уақыт болуға дайындалуды және тұрғындардың ол жерге қайтып оралуына жол бермеуді" тапсырды.

Таяу Шығыстағы жағдай

  • Израиль билігіне Түркиямен соғысқа дайын болуға кеңес берілді
  • 2024 жылы әлемді елең еткізген маңызды халықаралық оқиғалар
Тақырып бойынша