Синоптиктер 18 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қардың қарқынды еруі салдарынан жолдарды, елдімекендерді, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарды қызыл су басуы мүмкін.
Павлодарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Барлық өзендер бойынша су деңгейлерң көтеріле бастайды және қауіпті деңгейлерге жетуі мүмкін.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Температураның жоғарылауы болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындары қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде түнде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда да түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде жаңбыр жауады деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде де жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 17-22 м/с.18-20 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Қонаевта күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 17-22 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. 18-20 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.