Бүгін Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтетін ақындар айтысы дүбірлеп өтіп жатыр .
Ақындар аламанында Тәттімбет Қазанғапұлының 210, Доскей Әлімбайұлының 175, Шашубай Қошқарбайұлының 160, Жұмабек Ташеневтің 110, Евней Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойлары жырға қосылып жатыр.
Айтысты Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебі. Арқа ақындары Тілеген Әділ, Айтбай Жұмағұл, Мақсат Ахан, Нұрмұхаммед Байсүгір, Дидар Қами, Нұрсұлтан Рымбай сөз жарыстырып жатыр.
Ақындарға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қойлыбай Асанов пен филология ғылымдарының кандидаты, профессор Саржан Тахиров сарапшылық етіп отыр. Жыр додасын белгілі ғалым Жансая Жарылғап тізгіндеп отыр.