Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көлік қозғалысына уақыша шектеу енгізіледі

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көлік қозғалысына уақыша шектеу енгізіледі

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға дайындық кезінде және мерекелік іс-шараларды өткізер уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігі өкілдерінің мәліметіне сәйкес, 19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

“Осыған байланысты сол күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі. Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары“, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері “Астана” алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болатынын еске салады.

Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға жүрер жолды алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.