Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінде 10 мың шаршы метрден астам мұз жарылды.
Су басу қаупі жоғары аймақтардағы бірнеше учаскеде мұз жару жұмыстары жүріп жатыр. 18 мың тұрғыны бар Шемонаиха қаласына тасқыннан қауіп бар. Синоптиктер алдағы 7 күнде күн жылынады, деп болжап отыр. Сондықтан жергілікті билік пен коммуналдық мекемелер жедел әрекет етуде. Наурыздың басында өңірде мыңнан астам су өткізу құбыры, 19 арна мен 173 арық қардан тазартылды.
Арман Наурызбаев, облыстық ТЖД Басқарма бастығы:
- 19 кептеліс, қауіпті учаске анықталған. Бүгінгі таңда Глубокое мен Шемонаиха аудандарында мұз массасын әлсірету бойынша іс-шаралар жүргізілді. Бұл мұз кептелісі мен мұз басу қаупін азайтады. Еріген судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жалғасуда.