Current Date: 18-03-2025

Астаналық 3 мың оқушы «Қамажай» биімен рекорд орнатты

Тамаша іс-шара бүгін QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде өтті, деп жазады Egemen.kz.

Флешмобты Наурызнаманың Ұлттық киім күніне орайластыра ұйымдастырғандар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы.

«Қамажай» биі – нәзіктік пен әдемілікті бейнелейді. Ал мұндай ауқымда өнер көрсету ерекше әсер қалдырумен қатар, мәдениетімізді кеңінен насихаттау үшін де маңызды. Қыздар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті, біз олардың өнерін мақтан тұтамыз», дейді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің шығармашылық жетекшісі Рахат Тәуіржан.

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, флешмоб ерекше сәтпен аяқталды: көрермендер би билеген оқушы қыздарға қосылып, олардың қимылын қайталады. Сол сияқты биші қыздар қызғалдақ гүліне ұқсап, әдемі көрініс жасады. Сонымен қатар, іс-шарада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті, онда Астана колледждерінің студенттері қазақтың дәстүрлі киімдерін көрсетті.