0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Биылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде экономиканың өсімі 5,4 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов президенттің қабылдауында айтты. Кездесу барысында сан түрлі бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалды. Әсіресе Ұлттық құрылтайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есеп тыңдалды. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника сақадай сай тұр. Кездесу соңында Президент үкімет басшысына экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Азамат Бейбітұлы