0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бүгін Астанада «Наурызнама» онкүндігі аясында 3 мың оқушы қыз ұлттық киім киіп, «Қамажай» биін билеп, рекорд орнатты. Сол көрініске бір назар салсақ?
Білім басқармасы 3 мың жасөспірім қыздың бір мезетте билеуін ұйымдастыруға 1 ай уақыт жұмсағандарын айтады. Қаладағы 112 мектептен 15-17 жас аралығындағы 3000 оқушы іріктеліп алынған. Қамажайға қатысқандардың бәрі биге қатысып жүрген өнерпаздар емес. Бишілердің 70%-ы бұрын соңды бимен тұрақты айналыспаған қыздар. Бүгінгі шарада олар ұлттық би билеп қана қоймай, іс-қимылдары арқылы шаңырақ пен қызғалдақты бейнеледі. Осылайша оқушылар арасында ұлттық би мен ұлттық киімге қызығушылық арттырдық дейді ұйымдастырушылар.
Тәуіржан Рахат, «Қамажай» биінің бас балетмейстрі, ұйымдастырушы:
Басында «Қаражорға» деп бастаған. Одан кейін әкімшілікпен келісіп отырып, ол кісілер айтты: «Қаражорға» деген болған, Қытайда 10 мың адам билеп, рекордқа кірген. Сондықтан өзіміздің қамажайымызды жасайық деп. Сол ұсыныспен біз жұмыс істедік.
Алуа Жанарбек, №51 мектеп-гмназиясының 9 сынып оқушысы:
Қиын болған жоқ, дайындық өте қызықты өтті. Ұлттық киім күнімен барша Қазақстандықтарды құттықтаймын және осы мерекенің әр жыл сайын қайталанғанын қалаймын.
Ақниет Балтанова