Шенеуніктерге жемқорлықпен айналысуға рұқсат беретін және бұл қылмысты қолдайтын кім? Өйткені жемқор өзінен өзі пара алмайды. Біреу беру керек. Сонда, ол кім? Әрине, сіз бен біз. Енді пара ұсынған немесе пара беруге уәде еткен адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді, қазір құжатты Мәжіліс талқылап жатыр.