Current Date: 19-03-2025

Таразда «Таза қала - таза аула» акциясы өтті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жаңару күнінде Таразда «Таза қала — таза аула» акциясы өтті. Тұрғын үйлердің ауласы күл-қоқыстан тазартылды. Жастар жағы саябаққа барып, тал екті. Өңірде көгалдандыру жұмыстары жалғаса бермек. Акция байқауға ұласып, тазалығымен көзге түскен тұрғындарға қаржылай сыйақы беріледі. Биыл өңірде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ринат Ағаділ, ерікті:

Экологиялық білімді арттыру мақсатында, осы жастардың арасында бүгін таңсәріден бастап, осы саябағымызды көгалдандыру мақсатында талдарымызды егіп, елімізге өзіміздің облысымыздың көгалдануына, жамбылымыздың жасыл желекке орануына өзіміздің үлесімізді қосу үстіндеміз.

Түркістан облысында тұрғындар 10 мың түп көшет екті

Ал, түркістандықтар бүгін он мың түп ағаш көшетін екті. «Жаңару күнінен» жақсылық, өзгеріс күткен мыңға жуық тұрғын ұлыстың ұлы күні қарсаңында қаланың ең көрікті жеріне қарағай, шырша секілді қылқан жапырақты ағаштар мен терек, үйеңкі көшеттерін отырғызды. Егілген көшеттердің барлығы жергілікті тұқымбақта өсірілген.

Данияр Әлімқұлов

Айнұр Ақбаева