0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының анимациялық мультфильмдері алғаш рет кинопрокатқа шығады. 20 наурыздан бастап, еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрларда «Balapan» телеарнасы түсірген «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің көрсетілімі жүреді.
Бұл анимациялық жоба – кішкентай көрермендерді белгілі ғалым Шоқан Уәлихановтың ең үздік экспедицияларының бірі болған Қашқария сапарымен таныстырады. Оқиға 8 жасар Азаттың кенеттен 1858 жылға тап болуынан басталады. Ол Қашқарияға сапар шеккелі жатқан экспедитор Шоқан Уәлихановты кездестіреді. Сол сәттен бастап олардың қызыққа толы Қашқария сапары көрсетілген.
Самат Әлім, «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің креативті продюсері:
Әрине, балаларға қызық болу үшін, кішкентай балаларға «6+» болғандықтан фэнтази қосылды. Айдаһар, құбыжықтар қосылды дегендей. Өйткені, балаларға қызық болу керек. Бірақ тарихи маңызды фактілер де бар.
«Balapan» телеарнасынан бұған дейін 10 сериялық мультхикая ретінде көрсетілген жоба ықшамдалып, ғалымның 190 жылдығы қарсаңында үлкен экранға ұсынылып отыр. Арнаның 15 жылдығы аясында бұдан басқа да ірі жобалар жарыққа шығады.
Мақпал Укенова, «Balapan» телеарнасының директоры:
Балапан телеарнасына биыл -15 жыл. Және біздің алғашқы туындымысызбен қатар, қосымша екі толық метрлі фильміміз дайындалды. Ол «Желаяқ» және «Тоқты мен Серке» фильмдері жақын уақытта, осы Шоқан «Қашқария сапарынан» кейін үлкен экранға жол тартады. «Қазақстан телерадиокорпорациясының құрамындағы Балапан телеарнасы еліміздің, отандық анимацияның 90 пайызын өндіруші негізгі арна. Қазіргі уақытқа дейін Балапан телеарнасы сериядан тұратын 160 мульсериал дайындады.
«Шоқан. Қашқария сапары» мультфильмінің мән-маңызын мемлекет басшысының өзі Бурабайда өткен құрылтайда айтқан еді. «Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет»,-деді. Ендеше, отандық анимацияға қолдау білдіріп, «Қашқария сапарынан» қалыс қалмайық.
Азамат Бейбітұлы