Шымкентте ер адам әйеліне ине салып , абайсызда ажалына себепкер болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 наурыз күні қала орталығындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған.
Ер адам ауырып қалған әйеліне екпе салуға тырысқан, алайда қателік жіберген сияқты. Науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдемді шақырғанымен, келіншек дәрігерлер келгенше көз жұмған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген Шымкент қаласының полиция департаментінің хабарламасында.