0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қызылорда да қала мен Тасбөгет елдімекенін байланыстыратын көпірдің бір жақ шеті опырылып кетті. Өткелдің бетон жабындысы әбден мүжіліп, жиегіндегі қоршауы құлап кеткен. Оқиға кеше кешкілік болған. Жағдайды қала тұрғынының бірі ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы ескі көпірдің тозығы жеткенін қала әкімдігі де растап, биыл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Әділбек Серікұлы