1. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуда қандай басты кедергілер бар? Жұмыс берушілердің оларды жұмысқа алудан бас тартуының негізгі себептері қандай?
2. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған инклюзивті еңбек нарығы қаншалықты дамыған? Оларды жұмысқа орналастыру үшін қандай квоталау немесе жеңілдіктер қарастырылған?
3. Мүгедектігі бар азаматтарды еңбек нарығына бейімдеу үшін кәсіби оқыту және қайта даярлау бағдарламалары қаншалықты тиімді жұмыс істейді? Осы бағдарламаларға жыл сайын қанша адам қатысады және олардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші қандай?
4. Мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуын ынталандыру үшін мемлекет қандай қаржылық және заңнамалық қолдау шараларын ұсынады? (Салық жеңілдіктері, субсидиялар, арнайы бағдарламалар)
Спикер: Кульбаева Адина Батырбекқызы, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы.