Current Date: 21-03-2025

«Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің таныстырылымы өтті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ертеңнен бастап, еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрларда «Balapan» телеарнасы түсірген «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің көрсетілімі жүреді. Бүгін жаңа туындының Астанада жабық көрсетілімі өтті.

Кішкентай әріптестер сүйінші жаңалықты таратып жатыр. Бүгін «Балапан» телеарнасы үлкен экранға нық қадам жасап, анимациялық мультфильмі алғаш рет кинопрокатқа шыққалы тұр.

Дамир Құтбаев, режиссёр:

Ең қиын жұмыс сол Ш.Уалихановтың өзінің келбетін жасау болды. Аниматорлар, тарихшылармен ақылдаса отырып,әйтеуір шығардық. ойымыздан шықты, 9 айда бітірдік бұл өте тез деп ойлаймын. Басқалар 2-3 жыл жасайды.

Туындының тура тоғыз ай дегенде дүниеге келуі сәйкестік пе? Жаны бар, өміршең фильм болғай. Тұсаукесер рәсіміне келген оқу-ағарту министрі «Балапанның» қанаты қатайып, кеңге жайыла түскенін айтты.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Бала тәрбиесінде Балапан телеарнасының қосып жатқан үлесі айтпаса да түсінікті. Бүгінгі күні тек ғана біздің еліміздегі балалар ғана емес, мынау Моңғолия, Қырғыз еліндегі жас бүлдіршіндер осы телеарнаны қарайтыны қуантады. Яғни, бұл расында да еліміздің балаларға арналған орны, туынды екенін мақтанышпен айта аламыз.

Аққан жұлдыздай, қазақтың көгінде жарқ еткен Шоқанның өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бұл фильм ертеңнен бастап барлық кинотетарларда көрсетіледі.

Азамат Бейбітұлы