Current Date: 21-03-2025

Ақмола облысында сегіз жолды су шайып кетті

Ақмола облысында жергілікті маңыздағы 8 жолды су шайып кетті.

Есіл және Жарқайың ауданында екі елді мекенде көлік қозғалысы шектелді. Ол ауылдарға алдын ала азық-түлік пен дәрі дәрмек қоры жеткізілген. Қазір қауіпті жол учаскелерінде инертті материал төселіп, су шайған тұстары бекітіліп жатыр. Сондай-ақ Шағалалы өзеніндегі су деңгейі 1,5 метрге көтеріліп, Шағалалы ауылындағы көпірді су шайды.

Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Шағалалы ауылындағы тасқын қаупі сейілді. Күннің күрт жылынуына байланысты су деңгейі көтеріліп, өзен сағасына мұз кептеліп қалған. Қазір құтқарушылар тасқын қаупі жоғары аймақтарға жіберілді. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.