Қазақстанда қымыз өндірісі артты. Бұл туралы Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық статистика бюросы жариялады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қымыз өндірісі
Биыл алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 7,2%-ға артқан. Мәселен, 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 178 тонна қымыз өндірілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 12 тоннаға аз болған.
Айта кетейік, 2023 жылы қымыз өндірісі 1812 тонна болса, 2024 жылы 1541 тонна өндірілді.
Шұбат өндірісі
Шұбат өндірісі 2,8%-ға төмендеген. 2025 жылғы алғашқы екі айда 184 тонна шұбат өндірілген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5 тоннаға аз.
2023 жылы шұбат өндірісі 1813 тонна, 2024 жылы 1865 тонна болды.
Еске салайық, бұған дейін наурыз көженің құрамы қанша теңге тұратыны белгілі болды. Наурыз мейрамының басты символы — наурыз көже. Ол - жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!