0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ұлыстың ұлы күні ауыл-аймақтарда дүркіреп тойланды. Халқымыздың айшықты мерекесінде думанды шаралармен қатар бірқатар нысанның іргетасы қаланып, жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Жаңақорғандықтар наурызды орталық саябақта атап өтті. Шеберлер қолөнер бұйымдарының көрмесін қойып, әр киіз үйде салт-дәстүр дәріптелді. Көпшілік ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, сауық-сайран құрды.
Пакиза Қожанова, аудан тұрғыны:
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Мынау ақ түйенің бүгін қарны жарылып жатыр. Халықтың көңіл-күйі өте жақсы керемет. Ұлттық нақышта, қазақы нақышта киінген барлығы.
Ал Шиелі ауданында ұлыстың ұлы күнінде Ыбырай Жақаев ауылында жаңа спорт кешені ашылып, мерекеде тұрғындардың қуанышы еселенді. Енді ауыл балалары заманауи ғимаратта спортпен шұғылданып, шеберлігін шыңдайды. Сондай-ақ, аудан орталығында оқушылар үйі мен өнер мектебінің іргетасы қаланып, құрылысы басталды.
Әділбек Серікұлы