Current Date: 22-03-2025

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек...

Наурыз мейрамы қарсаңында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында қазіргі сән үлгісіндегі ұлттық киімдер көрсетіліміне арналған « Ұлттық киімдер – халық қазынасы» атты байқау өтті.

«Біртұтас тәрбие» бағдарла­масын жүзеге асыру аясында­ Көкшетау қаласының №6 мек­теп-лицейі ұйымдастырған шы­ғар­машылық байқауға облыс орталығындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның түпкі мақсаты – сан ғасыр бойы халықтың қазынасына айналған ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы мәнді мәдени мұ­раны қайта жаңғырту, сон­дай-ақ­ дәстүрлі ұлттық мәдениет негізінде өскелең ұрпақтың эсте­­тикалық талғамын қалып­тастыру. Байқау шарты бойынша қатысушылар қазақтың таным-түсінігі мен дәстүрлеріне сай тігілген ұлттық киім үлгілерін таныстырып, олардың жасалу барысы көрсетілген бейнероликтер ұсынды және осы орайдағы шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Қазылар алқасы байқау же­ңім­пазы мен жүлдегерлерін және аталым иегерлерін ата-­баба дәстүрлерін ескере отырып әзірленген заманауи киімде автор­лық ізденістің болуы, таң­дал­ған киім үлгісінің талғамға сай келуі секілді өлшемдер бо­йын­ша анықтады.

Байқау қорытындысында ерекшеленген оқу­­­­шы­­­­­лар марапатталды. №6 мек­­теп-ли­цейі­нің 11-сынып оқу­шы­сы Дильнара Баетова бас жүл­дені жеңіп алды. Бірінші орынды №17 мектеп-гим­назия­сы­ның 9-сынып оқу­шы­сы Иная Мол­да­баева иеленді. ­Іс-шара соңы ұ­с­таз­дар мен оқу­шы­лар­дың кон­церт­­тік қойылым­да­ры­на ұласты.

Көкшетау