Current Date: 24-03-2025

«Сұп-сұр, жанарында жылулығы жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы талқыға түсті (ФОТО)

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына мерекелік фотосуреттер жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ақ мол, жыл ырысты болсын! Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Нұрдың молығатын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі — Наурыз құтты болсын! Әр отбасына амандық-саулық, тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!", — деп жазды Қайрат Нұртастың жары.

Желі қолданушылары төрт баланың анасына тамсанып, Жұлдыздың сұлулығы туралы түрлі пікір қалдырды. Алайда Әбдікәрімованың бұл бейнесін жақтырмағандар да бар. Бірі жанарында жылулығы жоқ, сұп-сұр екенін айтса, енді бірі артық дүние көп екенін жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)