Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. , деп хабарлайды 24kz.
Елдің оңтүстігінде тұратын отандастар дәстүр бойынша Пусанға жақын Ёнсан елді мекеніндегі «Шырайлы Шымкент» кафесіне жиналды. Биыл мейрам қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен жерлестеріміз концерттік іс-шара ұйымдастырмай ауызашарға дастархан жайды. Жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен Қазақстанның Пусандағы бас консулы Аслан Асқар және «Шырайлы Шымкент» кафесінің иесі Сауле Қосақаева құттықтады.
Айымгүл Мусина, Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі:
- Керемет кеш болып отыр. Өзіміздің қазақ бауырларымыз бәрі жиналып қалған Наурыз мерекесіне. Бәрін көріп, танысып, жақсы отырыс болып жатыр. Дастархан үстел бәрі керемет, Сәуле тәтеге өте рахметімізді айтамыз. Наурыз құтты болсын.
Талғар Сабыржан, Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі:
- Көбісі жұмыс істеу үшін келеді. Мен ойлаймын, біз жұмыс киімін шешіп, демалғымыз келеді. Қазақ болғаннан кейін көп жиналған кезде жақсы көреміз де. Осындай Наурыз болсын, басқа да мейрам болсын, біз осылай қазақтар болып жиналып тұрған дұрыс деп ойлаймын негізі.