АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөз әлі жалғасып жатыр. Тараптар Украинадағы қарулы қақтығысты реттеу мәселесін талқыламақ. «Рейтер» энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасаудан 30 күнге бас тарту және Қара теңіз маңайында ұрыс қимылдарын жүргізбеу жайы қаралады деп жазды.
Ресейлік делегацияны сенатор Григорий Карасин мен Федералдық қауіпсіздік қызметі директорының кеңесшісі Сергей Беседа бастап барды. АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік департаменттің саяси жоспарлау бойынша директоры Майкл Энтон, сондай-ақ Украина бойынша арнайы өкіл Кит Келлогтың көмекшілері бар.