Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия
чемпионатында отандасымыз Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 72 келі салмақта бозкілемге шығып, алғашқы айналымда оңтүстік кореялық қарсыласы Довон Лимен сынға түсіп, 7:1 есебімен басым түсті. Енді ширек финалда Магомадов әлем чемпионатының күміс жүлдегері өзбекстандық Арам Варданянмен күш сынасады. Ибрагим 2023 жылы Астанада өткен сары құрлық чемпионатында да жеңімпаз атанған еді.