Current Date: 29-03-2025

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: министрлік пікір білдірді

Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров Каспий құбыр консорциумы (КҚК) станциясына жасалған дрон шабуылына қатысты пікір бірдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 наурызда "Кропоткинская" станциясы тағы да шабуылға ұшырадыы.

"Украина тарапымен байланыстамыз, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Украина жағы хабардар", — деді Қуантыров Мәжіліс дәлізінде.

Бұған дейін не болды?

2025 жылғы 17 ақпанда да Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.

Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған басқарушы топ оқиға орнына келді.

Кейінірек "Транснефть" компаниясы мәлімдеме жасап, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская" ірі мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі шамамен 30 пайызға төмендеуі мүмкін екені айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!