Current Date: 30-03-2025

Күйеуімен Дубайда жүрген Ерке Есмахан ол жақта кіммен жолыққанын айтты

Жұбайы және кіші ұлымен Дубайда жүрген әнші Ерке Есмахан ол жақта кіммен кездескенін көрсетті . Әнші құрбысымен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен аптада Ерке Есмахан күйеуімен бірге тағы да саяхатқа шығуды жоспарлап жүргенін айтқан.

Ерлі-зайыпты бұл жолы Дубайға ұшып кетті. Ол жақта жұлдызды жұп шопинг жасап, демалып жатыр. Өнер иесі Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын құрбысы, қазақстандық актриса Гүлназ Жолановамен жолыққан.

"Отбасымен Дубайда тұратын құрбым – Гүлназ Жоланова. Көптен кездесе алмай жүр едік, бүгін бұйырыпты", — деп жазған әнші құрбысымен бірге түскен суретін жариялады.

Ерке Есмахан Гүлназ Жоланова
Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Гүлназ Жоланова да Ерке Есмаханның Instagram желісіндегі story-ін бөлісті.

"Бүгінгі таңым осылай басталды", — деп жазды "Бизнес по-казахски" фильмінің жұлдызы.