Current Date: 30-03-2025

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Жұқаев 1/8 финалда бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті (АТР 176) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалға шығу үшін Бейбіт швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (АТР 172) кездеседі.