Current Date: 31-03-2025

Алматы маңында бес балдық жер сілкінісі тіркелді

Түнде Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінді.

Меркеде қуаты 5 балдық жер асты дүмпулері сезілген.

Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі 03:40-та тіркелген. Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығының хабарлауынша, жер асты дүмпулері Тараз қаласы мен Құлан, Шу, Қордай, Сарыкемер аудандарында да сезілген. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша зардап шеккендер немесе қираған ғимараттар туралы хабарламалар түскен жоқ.