Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова (72 келі) финалда қытайлық Юци Людан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.(4:1)
Отандасымыз 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол — мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.