0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Данияр Әлімқұл, тілші:
Мына төңіректі тегіс тұман торлады деп қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қалың мұнар емес, қалдықтың түтіні. Бықсып жанған қоқыстан алыстан «мен мұндалайтын» ауылдар тұрмақ, жеті адым жердегі кісі қарасы көрінбейді.
Жамбыл облысындағы меншікті тілші Данияр Әлімқұлдың репортажында бірнеше ауылдың бір аптадан бері түтінге тұншығып отырғанын баяндайды. 13 гектар қоқыс полигонынан шыққан өрттің өткір иісі Аймантөбе, Қосақ және Мырзатай ауылдарын тегіс жайлағанына тоқталып, сынама нәтижесінде көмір тотығы рұқсат етілген шектен 1,2 есе артқаны анықталғанын айтты.
Бүкіл жерімізде қоқыс полигондары осылай жайрап жататынын білеміз. Көзге көрінбесе болды. Қоқысты сұрыптап тастамайтынымыздан бастап, «қоқыс өңделеді» деген өте бір күмәнді есептер қоғам болмысын да, атқарушы биліктің болмысын да сипаттайтын қасиет. Дәлірегі – қасиетсіздік.
Үкіметте қоқысты өңдеу мәселесі талқыланған. Баяғы «Оператор РОП» деген компанияның күлімсі иісі қайта шықты. Елдос Есенболдың материалы.