Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселеріне қатысты білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын және психология маманы Шакимова Лола Сергеевна семинар оқыды.
Аманбек Толқын «Эффективная коммуникация. Конфликтология» тақырыбы аясында қатысушыларға тиімді қарым-қатынас орнату және конфликттермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдарды ұсынды. Сондай-ақ, дәріс тақырыбына сәйкес практикалық жағдайлар мен өмірлік мысалдар арқылы нәтижеге қандай факторлардың әсер ететінін көрсетуге көмектесті.
Лола Шакимова «Деструктивті діни ағымға ілескен жандарға психокоррекциялық қызметті жүзеге асыру» және «Деструктивті діни ағым көшбасшылары қолданатын арбау әдістері» тақырыптарымен қатысушыларға дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын қалай жүргізу керектігін, олардың сыни ойлауын, эмоционалдық тұрақтылығын және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру практикасын жүргізді. Сонымен қатар, осы тақырыптар аясында теріс ағымнан шығу кезеңдері қарастырылып, диагностика жүргізу тәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.