Current Date: 02-04-2025

«Жеке бақылауымда болады»: Бектенов Мәдиевке тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер цифрландыру министрлігіне мынадай тапсырмалар берді:

Бірінші. Жыл соңына дейін жасанды интеллект элементтерін іске қосу арқылы «Электрондық үкімет» порталын жаңғырту керек.

Екінші. Шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру қажет.

Сондай-ақ барлық ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қаржыландыру мәселесі шешімін табуға тиіс.

Үшінші. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл соңына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін мейлінше сұранысқа ие қызметтерді электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз етсін.

Сондай-ақ, халық арасында жаңа электрондық қызметтер, оларды пайдалану мен алу қағидалары, және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Цифрландыру саласы менің жеке бақылауымда болады, — деп тапсырды Бектенов.