Current Date: 02-04-2025

Таиландтың Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Таиландтың Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылды.

«Khaosod English» порталының мәліметінше, бортта 37 адам болған. Олардың арасында Қазақстан мен Ресей азаматтары бар. Пхукет аймақтық порт кеңсесінің директоры Начапонг Пранит катер қозғалтқышынан ақау шығып, қайық өртеніп, артынша жарылғанын хабарлады. Оқиға салдарынан борттағы үш экипаж мүшесі, үш турист және бір гид жарақаттанған. Құтқарушылар зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізген. Олардың арасында Қазақстан азаматы бар деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ мұны сыртқы істер министрлігі әлі растаған жоқ.

Темірлан Нұрсолтан