Current Date: 09-06-2025

Шавкат Мирзиёев Астанаға ресми сапармен келді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы $4,1 млрд-қа жеткен. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш $1 млрд-ты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артқан.

Тараптар өзара тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге ниетті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары – су-энергетика және транзиттік-көлік салалары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы.