Кездесу барысында Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты, деп хабарлайды kazinform.kz.
Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық футболшылар 3 маусымда Люксембургпен кездеседі. Бұл ойында аталған топта қай құраманың бірінші орын алатыны шешіледі.



