Америкалық миллиардер Илон Маск Ақ үйге қызметімен қоштасу үшін барды. Кәсіпкер қорытынды баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берген. Жиын басталмай жатып, журналистер назары Масктың оң көзінің көгергеніне ауды. Бәрінің көкейіндегі сұрақ: не болды, кім ұрды? Ал желі қолданушылары оның қайда және қалай жарақат алғаны туралы өз болжамдарын жазып жатыр.
Журналист: Маск мырза, көзіңізге не болған? Көгеріп тұрғаны байқалады.Трамп: Мен байқаған жоқпын.
Маск: Иә, кішкентай Х-пен ойнап жүріп, оған менің бетімнен ұр дедім. Ол солай жасады.
Арай Төлегенқызы