Current Date: 09-06-2025

Қанттың денсаулыққа қандай зияны бар?

Диетология профессоры Карен Делла Корте әртүрлі өнімдердің құрамындағы қанттың зиянын бағалады. Ол бұл туралы Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Карен Делла Кортенің сөзінше, бірнеше ғалыммен бірігіп, 2-типті қант диабетінің дамуы бойынша зерттеу жүргізген. Оның айтуынша, газдалған сусындар мен шырын бұл аурудың даму қаупін айтарлықтай арттырады.

"Газдалған сусындар, энергетикалық сусындар және спорттық сусындар, жалпы қант қосылған сусындардың әрбір 350 миллилитрі қант диабетінің қаупін арттырады", — деді диетолог.

Профессор нан өнімдері мен балда кездесетін қант қант диабетіне бұлай әсер етпейтінін айтты. Сарапшының пікірінше, кейбір жағдайларда бұл өнімдер тіпті қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget