Талдықорғанда марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты,
Равиль Сакиев алғашқы тергеу кезінде берген мәлімдемесінде былай деді:
Алғашында Нұрқанат "Азамат пышақ сұқты" деп айтты, кейін Нұрқияс деді. Біз Нұрқанатпен 2017 жылдан бері таныспыз. Мүмкін ол мені басқа біреумен шатастырған шығар. Мен оған оқ атты деп айтқан кезде, ол жауап ретінде мен оны пышақтадым дейді. Бейнежазбада біз сабырлы түрде сөйлесіп тұрғанымыз көрінеді. Оқ атылғаннан кейін мен ашуланып, Нұрқанатты бірнеше рет тептім. Бұған өкінемін. Бірақ мен оның пышақ жарақатын алғанын жоққа шығарамын, — деді ол.
Ол мылтық атқандарына ашуланып төбелескенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыздар:
- Шерзат ісі: сотта ең жас айыпталушының анасы сөз сөйледі
- «Жазадан қорықпаймын»: басты айыпталушы Абзал Шынасыл соттан әділ шешім шығаруды сұрады
Менің де жүрегім ауырады. Анама қараймын. Әкем мен анам ғана бар. Біреудің жалғыз баласымын. Мылтық атқандарына ашуланып, төбелестім. Мен барғанда төбелес басталып кеткен. Ол жерге ештеңе білмей бардым. Мен кінәлі емеспін деп айтпаймын, мен кінәлімін. Мен біреуге пышақ сұғылғанын, қайтыс болғанын білмедім. Түнгі сағат бір. Біреу мылтықпен атып жатыр, біреу пышақ алып шығып жатыр. Ештеңе ажыратпадым, — деді ол.