Current Date: 09-06-2025

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі аударылып, 4 адам зардап шекті

Текелі қаласында жедел жәрдем жеңіл көлікпен соқтығысып 4 адам зардап шекті. Жүйткіп келе жатқан машина бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жеңіл көлікпен соқтығысып, артынша аударылып қалған. Дәрігерлер қараған соң, бір адам үйіне жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары орташа. Тергеу жүріп жатыр.

Дамир Нұрмұхамет