Танымал журналист Самал Ыбыраева БҚО-да өрттен қаза тапқан бір үйдің бес баласы туралы өз ойын ортаға салды.
Ол жағдайдың алдын алмаған БҚО әкіміне шүйлікті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
«Қазіргі әкімдердің беті қалың.
Кеше Астананың қақ ортасында қалалық автобус апаты орын алды. Бірнеше адам жарақат алды, 8 жасар қыз қос аяғынан айырылды. Реанимацияда жатқан науқастар бар.
Бірақ Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек — үнсіз. Ешқандай мәлімдеме де жасамады. Есіме екі жыл бұрын байлардың үйі өртенгенде жүгіріп барып, пост шығарғаны есіме түсті.
Бүгін Батыс Қазақстан облысында — тағы бір ауыр трагедия. Бес бала уланып, көз жұмды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев: «жағдайды жеке бақылауда ұстап отырмын» депті.
Бірақ бақылау трагедиядан бұрын жасалуы керек шығар. Бұл қайғылы жағдай — әкімнің өңірдегі ахуалды бақылай алмағанының дәлелі. Әлеуметтік қызметтер жұмыс істемеген. Көп балалы отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізілмесе, әкімдік не қарап отыр?
Менің ойымша, мұндай оқиғадан кейін әкім Төреғалиев өз еркімен отставкаға кете салуы керек.
Ал Ескі Қазақстаннан Жаңа Қазақстанға жайлы ауысып алған Жеңіс Қасымбек әкім болудан шаршаған сияқты. Бұрын белсенді, пысық еді. Ал қазір шаршап қалды ма, әлде президенттің оған тиіспейтініне сенімді ме, әйтеуір, біртүрлі. Бәлкім, елорданың да әкімі ауысатын уақыт жеткен шығар.
Етіміз үйреніп алыпты. Соғыс емес, бейбіт жағдайда бес бала тірідей өртеніп кетті. Иманды болсын», — деп жазды журналист.